Жаңа ХҚКО ғимараты пайдалануға берілді

Еңбекші ауданына қарасты «Оңтүстік» шағынауданында (Капал батыр көшесі, 4) №8 Халыққа қызмет көрсету орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жиынға өңір басшысы Жансейіт Түймебаев, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жəне «Азаматтарға арналған үкімет» коорпорациясының төрағасы Данияр Еренчинов қатысып, нысанның лентасын қиды.

Қазіргі таңға Енбекші ауданында 254 мыңнан аса халық тұратындығын ескере отырып, № 8-ХҚКО арқылы тұрғындарға 530 мемлекттік қызмет түрі көрсетіледі. Оның ішінде 315 электрондық түрде мемлекеттік қызметтер және 215 дәстүрлі түрде мемлекеттік қызметтер түрі ұсынылып, пилоттық түрде 53 мемлекеттік қызметтер қосымша жоспарлануда.
Бүгінде бұл мекемеде 25 қызметкер жұмыс істейді. Айта кетерлігі, аумағы 719 шаршы метрді құрайтын ғимараттың автотұрағы 40 автокөлікке арналған.